Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақтанарлық тірлік көп

Мақтаарал ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты – шитті мақта өндіру. Өткен жылы бұл салаға қомақты инвестиция тартылды. Осының арқасында мақтааралдық мақташылар былтыр 96 мың 511 тонна «ақ алтын» жинап алды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында 8 елді мекенге газ берілді

Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерін табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар аяқталып, аталған ауылдық округтерге жүргізілген табиғи газ жүйесі іске қосылды. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы ең жас кәсіпкер ең үлкен кәсіпорынды басқарады

Келес ауданының Біртілек ауылдық округіне қарасты Дмитрев елді мекенінде орналасқан «БАЕс-құрылыс» ЖШС -і бүгінгі таңда Келес ауданындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бірнеше кәсіптік кешенді қамтыған жобаны аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Бақдәулет Есенқұлов басшылық жасайды. 

Түркістан облысы: Ағын сумен қамту үшін «Бөген су» мекемесі құрылды

Ауыл шаруашылығы саласы Түркістан облысының экономикалық драйверіне айналмақ. Саланы дамыту үшін ағын су мол болуы шарт. Осы күрделі мәселені шешу мақсатында  өңірге Үкімет тарапынан  қолдау көрсетілді. 

Түркістан облысында 80 мың гектарға жуық суармалы жер ағын сумен қамтылады

Түркістан облысын дамытуға Үкімет ерекше екпін беріп отыр. Осы мақсатта облыс орталығында азық-түлік пен жасыл белдеулерді қалыптастыру, диқандарды ағын сумен қамтамасыз ету, Түркістан қаласын көгалдандыру және абаттандыру үшін серпінді жобаларіске асырылып жатыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38-сессиясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

Түркістан облысында «Қарапайым заттардың экономикасы» қарқынды дамып келеді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында «Қарапайым заттардың экономикасы» жобалық кеңсе жиынын өткізді. Онда шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту мәселелері әңгіме арқауына айналды. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы Төлеби ауданында болды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмыс тобы іссапармен Төлеби ауданына табан тіреді. Топтың құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов және аталмыш басқарманың қызметкерлері болды