Созақ ауданында 1 трлн теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Созақ ауданында 2027 жылға дейін 1 трлн. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 млрд. теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жоба құны - 89 млрд. теңге.

Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы атанды

Түркістан қаласында түркі елдерінің өкілдері арасында туристік форумы басталды. Келелі жиынға Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы орынбасары, Түркістан облысы мен Қоқан қаласының әкімі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, түркі елдерінің туризмге қатысты министрліктері мен ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, туризм саласының және қоғамдық қауымдастық өкілдері қатысты.

Түркістан облысында экономикалық даму көрсеткіштері жоғарылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

Ордабасыдағы машина жасау зауыты өнімдерін Түркия мен Үндістанға экспорттауда

Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС машина жасау өндіріс орны жұмыс істейді. Зауыт электротехникалар, блокты-модульдік және стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Түркістан облысы: Сайрамда манго, авокадо өсіріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақта кластерін дамыту жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Аталған жұмыстардың нәтижесі және алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту аса маңызды екенін жеткізді.

Түркістан: инвесторлар Сайрам ауданында жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасын салмақ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Түркістан: Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге тұт ағашының көшетін отырғызбақ

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған өзбекстандық кәсіпкерлермен кездесті. Олар Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге көшет отырғызбақ. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинақтауға болатын тұттың «Мархабат» сортын егуге кіріспек.