Мақтаарал ауданында тоқыма комбинаты және логистикалық орталық ашылады

Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі – «Global textile» компаниясы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында тоқыма комбинатын және логистикалық орталық ашады. Шетелдік компания 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қоспақ.

Қазақстандағы агроқұрылымдардың 33 пайызы Түркістан облысына тиесілі

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы республикада айрықша орын алады. Өйткені, еліміз бойынша аталған саладағы жалпы өнімнің 13%-ы күнгей өңірге тиесілі. Сондай-ақ, агроқұрылымдардың 33%-ы (80 мың) Түркістан облысында.

Халықаралық компания Түркістан өңірінде жел мен күн сәулесінен қуат алуға қомақты инвестиция салмақ

Түркістан облысында қолданыстағы қуат көздерін барынша жаңартып, электр энергиясын өндірудің жаңа, мейлінше тиімді көздерін пайдалану бойынша жаңа жобалалар жүзеге аспақ. Бұл бағытта еліміздегі баламалы энергетика мүмкіндіктерін пайдалану үшін жел мен күн сәулесінен жарық өндіруге қатысты жобалаларға басымдық беріледі.

Түркістан қаласындағы 48 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Түркістанда 65,7 шақырымды құрайтын 48 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би - О.Жарылқапов көшелерінің аралығы және Қалаби көшесі құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір салынады.

Түркістан облысында өнеркәсіп саласында 14,3 мың адам жұмыспен қамтылған

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді.

Отырар ауданында «Шәуілдір» заманауи күн электр станциясы ашылды

Отырар ауданында заманауи «Шәуілдір» күн электр станциясы ашылды. Италияның «Plenitude» («Eni») компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы. Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізді.

Түркітілдес елдерден келген делегация Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауды бастады

Түркістан облысына түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары және әлеуметтік желі белсенділері арнайы келіп, ақпараттық турды киелі шаһардан бастады.