Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 337 жоба жүзеге асырылуда

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне мемлекет бөлген қаржыны тиімді жұмсап, ауылдардың еңсесін тіктеуді тапсырды. Осы жобаны жүзеге асыруда көш соңында келе жатқан аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтып, есептерін тыңдады. Жұмысты күшейту керектігін айтты.

Түркістан облысы: Жетісайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірнеше зауыт салынып жатыр

Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Мақтаарал-қыш» ЖШС зауытына барды. Өндіріс орны 10 жылдан астам уақыттан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауыт құрылтайшысы 30 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Күніне 30-35 мың дана қыш өндіріледі. Кәсіпкер Нұрдулла Қалисаевтың айтуынша, бір қыштың бағасы 45-50 теңге.

Мақтааралдағы «Мырзашөл-құс» серіктестігі құс еті мен жұмыртқа өндіретін фабриканың құрылысын жүргізуде

Мақтаарал ауданында 2018-2022 жылдар аралығында 102,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы көшпелі брифингте аудан басшысы Бақыт Асанов мәлімдеді.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласы 5 жыл уақыт аралығында жалпы ішкі өнім көлемі 2 есе өсіп, былтыр 81 млрд. теңгеге жеткен.

Түркістан: Төрткүлдің «ақ алтыны» шетелге экспортталады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр. Ордабасы ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Ежелден жерді тиімді игеруді меңгерген Ордабасы ауданы еңбек өнімділігі жөнінен де алда келеді. Аграрлық салада орасан орны бар мақта шаруашылығы еліміздің оңтүстік өңірінде жақсы дамыған. Оның себебі де жоқ емес, бұл аймақтың ауа райы егістікке қолайлы. Мақтаның қажетті шикізат екені белгілі. Әсіресе мақта шитінің маңызы зор. 

Түркістан: Мақтааралда биыл тәулігіне 600 тонна мақта өңдей алатын зауыт іске қосылмақ

Мақтаарал ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер әуелі Азаттық ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты. Аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

«Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жол толық қайта жөндеуден өткізіліп жатыр

Түркістан облысы құрылғалы өңірдегі күре жолдардың барлығы жөндеуден өткізіліп жатыр. Соның ішінде маңызды жобалардың бірі – «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жол. Жалпы ұзындығы 64 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолы бүгінде толық қайта жөндеуден өтуде.

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға биыл 40 млрд теңге бөлінді

Түркістан облысында 2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 30,3 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы қолдау көлемі 30%-ға артып, 40 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының м.у.а. Әлібек Әбдіхалықұлы мәлімдеді.