Түркістан: елге қажетті әрі туризмді дамытуға серпін беретін нысандар салуға басымдық берілетін болады

Түркістан облысында және Түркістан қаласында салынатын әрбір нысанның құрылысы сарапшылардың талдауынан өтіп барып жүзеге асады. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтуде.

Түркістан: Дархан Сатыбалды қытай делегациясымен жаңа жобаларды талқылады

Түркістанға Қытайдың Шаньдун провинциясынан делегация келді. Шаньдун Қытайдың барлық аймақтары арасында ШҰАР мен Пекиннен кейінгі Қазақстанның үшінші сауда серіктесі. Аталған провинция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 1 млрд долларды құрады. Бұл сапар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр.

Түркістан: «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 19,8 млрд теңгені құрайтын 3220 жобаға өтініш түскен

Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті апталық отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы міндеттерді орындау бағытында іс-шара жоспары әзірленетінін жеткізді.

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі артып келеді

Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылғы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілді. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады.

Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» қорының басшысымен кездесті

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістанда бірнеше зауыт ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерлермен кездесіп, бірнеше жобаны талқылады. Нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша Меморандумдарға қол қойды.

Түркістанда өңір және Қытай тауарларының көрмесі ашылды

Облыс орталығында Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы компанияларының өнімдері ұсынылған бірлескен көрмесі өтіп жатыр. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытайдан арнайы келген бірнеше ірі кәсіпорын басшылары қатысты. Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды.