Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ең шалғай ауылына газ берілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығынан ең шалғай орналасқан Иірсу ауылына газ берілді. Өткен жылдардан өтпелі болып іске асқан газ құбырын тарту жұмыстары биыл толығымен аяқталды. Нәтижесінде 21 шақырымнан астам құбыр тартылып, ауданның ең биік нүктесіндегі елді мекенде орналасқан 26 үй мен 4 мемлекеттік коммуналдық мекемені көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанның экономикалық белсенді халқының саны 83 мыңнан асып, оның жұмыспен қамтылғаны 80 мыңға жуықтаған

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Яссы» және «Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады. Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, жауапты қала әкімінің орынбасарлары және дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Түркістан облысы: Кентауда қалалық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Түркістан облысында 4 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде былтыр мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруымен Кентау қалалық ауруханасының «А» корпусы толық күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын. Биыл «А1» корпусын толық күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінде құрылыс жұмыстары жасалуда. Келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Түркістан облысы: Созақта алдағы 6 жылда 38 инвестициялық жоба жүзеге асып, 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Таяуда Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аймақтың 2024-2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Негізгі индикаторлар мен экономиканы алға сүйрейтін салалар сарапталып, терең талданды. Облыс әкімі тарапынан даму жоспарын толықтыру туралы тапсырма беріліп, сала басшыларының ұсыныстары тыңдалды.

Түркістан облысы: Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды

Түркістан облысында барлық аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жоспар жасалып, ол облыс әкімі мен басқарма басшыларының алдында арнайы талқылаудан өтіп, бекітіледі. Кестеге сәйкес Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жоспардың кейбір жетілдіретін тұстарына тоқталып, аудан әкіміне жұмысты жүйелеуді тапсырды.

Түркістан облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жоғары деңгейде дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-дың Сычуань провинциясы, Мяньян қаласынан келген делегациямен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.

Шымкент: Жас дзюдошылар сынға түсті

Шаһардағы “Металлург” стадионында дзюдодан жасөспірімдер арасында STROY CITY дәстүрлі турнирі өтуде. Тәуелсіздік күніне орайластырылған Шымкент қаласының ашық біріншілігіне 2011-2013, 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер, жалпы 400-ге жуық жас балуан қатысты.

Шымкент: Кәсіпкерлер құқығы қорғалуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Бизнесті қорғау бағытында атқарылған жұмыстар және бюджет саласындағы қылмыстарды аңықтау, тергеу нәтижелері туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. 

Ясауи музейі - түркі әлемінің тарихи қазынасы!

 

Қазақстан – бай мәдениеті мен терең тарихы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Ел көлемінде бүгінде 250-ден астам мұражай халық игілігіне қызмет етіп келеді. Әр аймақтың, әр қаланың өзіндік ерекшелігі мен тарихи мұралары бар. Соның ішінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде маңызды орынға ие.

Ғылыми басылымдар қызметі: білім-ғылымды біріктіру үлгісі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қазақстан мен түркі әлемінің ғылыми-білім беру кеңістігінде ерекше орын алатын жоғары оқу орны. Университет тек білім беру саласында ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша да көш бастап келеді. Оның маңызды бағыттарының бірі — ғылыми басылымдарды шығару мен дамыту. Төменде ғылыми басылымдар жұмысының негізгі бағыттарына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.