ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА
Шымкент қаласы, Тельман шағынауданындағы 1200 орынға арналған мектеп құрылысы 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Нысан құрылысын биылғы жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда.