Сенбі, 09 Қараша 2019 15:58

Түркістан облысы: Мақтааралда химия-биология пәні бойынша аймақтық семинар өтті

«Мектеп зертханасы - ғылымға бастар жол». Осындай айдармен Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі №9 жоғары орта мектебінде аймақтық семинар өтті. Білім ордасында аудан мектептерінен жиналған оқу озаттарының ғылыми жобалары мен зерттеу жұмыстарының көрмесі қойылды.

Түркістан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен семинарға Шардара, Жетісай, Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарынан химия-биология пәнінің 80-ге жуық әдіскер мұғалімдері арнайы келді. Олар мектептегі түрлі ашық сабақтарға қатысты. «Оқушылардың ғылыми жобаларының жұмыстарымен таныстық, сонымен қатар мына вертуальді лоборотия жағдайында оқушыларға зертханалық жұмыс жасауға мүмкіндік жоқ жағдайда электрондық түрде лобороториялық жұмыс жасауға қалай болатыны туралы сонымен қатар келген мұғалімдермен бірге түрлі бағытта шебер сыныптар көрсетіліп жатыр» - дейді Түркістан облысы әдістемелік орталығының биология пәні әдіскері Шолпан Айтбаева.

Бұл күні оқушылар сабақта алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырды. Ауданның әр аймағынан жиналған оқу озаттары өздерінің тың ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. 450 оқушыны білім нәрімен сусындатып отқан аталмыш мектеп директоры Ғалымжан Торыбаев та өз шәкірттерінің ізденген жұмыстарымен таныстырды. «Мысалы біз көрсетіп жатқан мақта өнімі кейбір аудандарда өндірілмейді. Яғни біз 9 мектеп Мақтаарал ауданы негізгі өндірілетін кәсіптің бірі мақта шаруашылығы болғаннан кейін мақта шаруашылығын көбірек алып отырмыз. Cебебі қазіргі кезде мақта шаруашылығында мына су ресурстарын үнемдеу мақсатында оны судың ылғалын айналдыратын басқада табиғи қоспаларды пайдаланатын болсақ біріншіден біз су ресурстарын үнемдейді екенбіз, екіншіден мақтаның өнім дәрежесін көбейтуге мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз» - дейді ол.

Сондай-ақ, білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтар шәкірттерге шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл семинар 11 ұлт өкілінің басын қосып екі тілде бірім беретін оқу ордасының оқушылары мен тәлімгерлері үшін  үлкен тәжірибелік маңызға ие болды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 634 рет