Шымкентте Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловқа арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен, қазақтың ардақты ұлдары, мемлекет қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловқа – биыл 125 жыл. Еліміздің түкпір-түкпірінде мерейтойға арналған түрлі деңгейдегі мерекелік шаралар өткізілуде. Бүгін айтулы іс-шара Шымкент қаласында да өз жалғасын тапты. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекет қайраткерлеріне арналған «Тұғыры биік тұлғалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Шымкент: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді

Үшінші мегаполисте «Жоғары білім берудегі интернациолизация және инновация» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мерейтой иелерін құттықтап, құрмет көрсетті. 

Шымкентте «Ерекше экономикалық аймақтардың тәжірибесі» атты конференция өтті

Шымкент қаласы өз алдына енші алып шыққалы жаңалықтардың, іс-шаралардың орталығына айналғаны белгілі. Таяуда мұнда «Ерекше экономикалық аймақтардың тәжірибесі» атты конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың өкілдері мен шетелдік қонақтар келді. Олар Шымкенттің, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін талқылады.

Осы RSS каналға жазылу