Super User

Super User

Ордабасы ауданы: Нұралхан Көшеров ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып, құттықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады.

Ордабасы ауданының әкімі мереке қарсаңында тыл ардагерлерін марапаттады

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарында ерен еңбек етіп, жеңістің жақындауына үлес қосқан тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы марапаттап, оларға Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде, ерлік пен еңбектің нышанына баланатын «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальін табыс етті.

Ордабасы ауданында «Ер есімі – ел есінде» ескерткішінің ашылу рәсімі болып өтті

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы орайда, Ордабасы ауданында да әкімдік тарапынан мерекелік шараларға арнайы бағдарлама бекітіліп, оған аудандағы барлық сала өкілдері мен барша аудан жұрты атсалысып, елдік пен батырлықтың мейрамы кеңінен мерекеленуде.

Ордабасы: аппарат жиынында бірнеше салаға қатысты мәселелер сараланды

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті.  Кезекті мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Осы RSS каналға жазылу