Отырарда 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров пен Т.Ибрагимовтің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды
Отырар ауданында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың отансүйгіштік пен елге деген құрмет сезімін арттыруды мақсат еткен шара алдымен ауданнан шыққан қос Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров пен Т.Ибрагимов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.