Отырар ауданында педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті
Аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің базасында Отырар ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің базасында Отырар ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Бүгін Сауран ауданында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында педагогтердің дәстүрлі аудандық тамыз кеңесі өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды басқосуға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдігінің қызметкерлері, ардагер ұстаздар, халық қалаулылары, қоғамдық ұйым өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты.
Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында ұстаздардың дәстүрлі аудандық тамыз кеңесі өтті.
Түркістанда Мемлекет басшысының бастамасымен кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатында маңызды кездесу өтті. Жиын барысында «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қор төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қатысты.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2025–2026 оқу жылына арналған ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытынды рейтингі жарияланды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен білім беру нысандарының құрылысы, мектептерді жаңғырту, жазғы жөндеу жұмыстары және саладағы өзекті мәселелерге арналған мәжіліс өтті. Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов өңірдегі мектептердің жай-күйі, реновация бағдарламасының орындалуы, жөндеу жұмыстарының барысы және алдағы міндеттер туралы баяндама жасады.
Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы аудан орталығында бой көтерген жаңа кітапхана ғимаратына арнайы барып, руханият ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған жаңа нысанның сәулеттік келбеті мен ішкі мүмкіндіктерін аралаған қоғам қайраткері ғимараттың мүмкіндіктерін ерекше тебіреніспен жеткізді.
WRO ALMATY 2026 республикалық робототехника олимпиадасында Robomektep.kz командасының оқушылары Хакназар Джақсылықов мен Дулат Әбдіхалық жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орын иеленді.