Акция аясында ауданның бөлім-мекемелері, өндіріс орындары, кәсіпкерлер және жеке азаматтар қайырымдылық шарасына атсалысып, балаларға қолдау көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін 800-ге жуық білім алушыға материалдық көмек көрсетілді. Жалпы көлемі 17 миллион 571 мың теңгені құрайтын қаржылай және материалдық қолдау көрсетіліп, балаларға мектеп формасы, оқу құралдары, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті заттар табысталды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауға құқығы бар 1805 білім алушыға 50 851 теңгеден қаржылай көмек көрсетілуде. Қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат