Түркістандағы Қолөнершілер қалашығында концерттік кеш: «Конгресс Холл» өнерпаздары өнер көрсетті

Түркістан қаласындағы «Қолөнершілер қалашығы» кешенінде ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шаралар легі өз жалғасын тапты. Кезекті мәдени кеште Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, тұрғындар мен қала қонақтарына мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды.

Түркістан: Қолөнершілер қалашығында Ш.Қалдаяқов атындағы филармония өнерпаздары өнер көрсетті

Түркістан қаласындағы Қолөнершілер қалашығында ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шаралар легі өз жалғасын тапты. Кезекті мәдени кеште Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, тұрғындар мен қала қонақтарына әсерлі концерттік бағдарлама тарту етті.

Түркістанда «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтеді

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайтуға бағытталған «Тұран – достық бастауы» атты халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтеді.

Түркістан қаласында Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті

Астана күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде еліміздің белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Кеш барысында сахна төрінде әсем ән шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Түркістан тұрғындары мен қала қонақтары елорданың мерейлі мерекесін бірге атап өтіп, өнер кешінің сәнін келтірді.

Домбыра үні тербеген күн

Бүгін таңертеңнен Шымкенттің әр бұрышын күмбірлеген домбыра үні тербеді. Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шара домбырашылар шеруімен басталып, қаланың қоғамдық орындарында жалғасын тапқан болатын. Ұлттық өнерді ұлықтаған шеру Shym City саябағына жетіп, кешкісін ауқымды мерекелік концертке ұласты.

Ұлттық домбыра күнінде Түркістан қаласында «Күй құдыреті» республикалық байқауы өтіп, дәулескер күйшілер тыңдарман рухын оятты

Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлықталған тағылымды кешке еліміздің әр өңірінен белгілі күйшілер, өнер майталмандары жиналды. Ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан мәдени іс-шараға Түркістан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жұртшылықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды

Шымкентте Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Шымсити» саябағындағы алып амфитеатрда жалғасты. Концерт басталмай тұрып-ақ сахна алдындағы ашық алаңға жүздеген қала тұрғыны жиналды. Әсіресе, балалардың қарасы қалың болды. Ал кеш түсе басталған мерекелік бағдарлама көрермендерге жай ғана концерт емес, жарық пен музыкалық безендіру үйлескен әсерлі шоуға ұласты. Қазақстанның көк Туын желбіреткен жастардың өнер көрсетушілерге қолдау білдіруі мерекелік кештің ажарын аша түсіп, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.