Дәл осында тақтыпта Түркістан қалалық орталық кітапханасы мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі бірлесе отырып қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай тұлға кешін өткізді.
Іс -шараның мақсаты халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын кеңінен насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Іс-шарада Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Жайықбаева Сандуғаш, кітапханашы Төле Жайсанкүл, орталық кітапхананың кітапханашысы Имамбердиева Гүлмира жазушы Шерхан Мұртаза аға туралы естеліктер айтса, мектеп оқушылары Нұрлан Жібек, Бақытжанқызы Аяла, Сапар Айбек Құдайберген Қазына ағаның нақыл сөздерінен үзінді оқыса, орталық кітапхананың кітапханашысы Алишова Индира "Ұлт рухының жыршысы" атты тақырыпта кітап көрмесімен таныстырды.
Айта кетейік,. Шерхан Мұртаза - 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.
1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963–1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы.
Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1989–1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.
Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990–2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген.
Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған.
Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды.
«Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. «Құрмет белгісі», «Отан (1999) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).
Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 9 қазан күні86 жасында қайтыс болды.