Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыс қаласында 2161 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп, азы қалған. Мәселен, Жамбыл облысы №3 сектордағы 312 үйді берілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Қазіргі таңда онда 438 адам жұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында егістік көлемі 93 мың гектардан асты

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Естайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

Түркістан облысы: Арыс шаһарындағы жылу, электр, су және кәріз жүйесі жаңғыртылып жатыр

Бір айдан бері Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылу үстінде. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге қаланың жылу, су, электр сынды маңызды мәселелері бойынша да бірқатар істер қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін ең алдымен әкімдік тарапынан су және электр жүйелерін қалыпты жұмыс режиміне көшірілді.

Жарылыс кезінде магистралды су құбырларында 4 авариялық жағдай туындап, ол қалпына келтірілді. Жалпы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбырының зақымдалған 7 шақырымын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжатқа қаржы қарастырылып, жұмыстар басталды.

Қаладағы кәріз жүйесі де реттеліп, ақаулардың 80 пайызы қалпына келді. Бір сусорғы қондырғысы ауыстырылды. Төтенше жағдай болған күннен бастап зақым келген 10 электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен қалпына келтірілген.

Арыста 4 жылу қазандығы бар. 30 көпқабатты тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысанды жылытатын жылу жүйелерінің ұзындығы – 13 шақырым. Төтенше жағдай кезінде 2 снаряд жарылып, жылу қазандығы ғимараты зақымдалған. Ақау актісі мен жобалық сметасы дайындалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ғимараттың есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалары жөнделді.

Жалпы Арыстағы инфрақұрылым да толық зерттеліп, жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасады деген жоспар бар.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Түркістан облысының басшысы Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарын жіті қадағалап отыр

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі №9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі №10 сектор, БҚО-на тиесілі №11 секторжұмысымен танысты. Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады. 

Осы RSS каналға жазылу