Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыс қаласында алаңдауға негіз жоқ екені түсіндірілді

ҚР Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелерінің оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау бойынша жұмыстары барысында әскери арсеналға  (тыйым салынған аймақ) іргелес аумақта оқ-дәрі жарылып, нәтижесінде өрт шықты. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілер күшімен сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ. Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтып өтті. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында журналистер мен қоғам белсенділері сенбілік ұйымдастырды

Бүгін Арыс қаласында сенбілік өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сенбілікте қоғам белсенділері қаланың көшелерін тазалап, тазалыққа үлес қосты. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында ҰБТ-да жоғары балл жинаған оқушыларды марапаттады

Елорда күні қарсаңында аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан 130 балдан жоғары жинаған оқушыларды арнайы қабылдап, салтанатты жағдайда марапат жасады. 

Шардарада дін қызметкерлері арасында шешендік өнерді меңгеруге арналған басқосу өтті

Түркістан облысы, Шардара қаласындағы «Әбу Мансур әл-Матруди» мешітінде дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен шешендік өнерді меңгеру жайында жиын болып өтті.

Осы RSS каналға жазылу