Түркістан облысы: Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталып, гуманитарлық көмек қоймалары онлайн режимде жұмыс істеп тұр
Арыс қаласы мен оның маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады.
Арыс қаласы мен оның маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады.
Бүгін Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев соңғы мәліметтерді жариялады.
Бүгін Түркістан облысында күннің ыстығы 40 градустан асты. Осыған қарамай Арыс қаласында 17 секторға бөлінген аумақтарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен штабтың жұмысына кіріскен өңір басшысының кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков бүгін секторларды аралап, азаматтармен ақылдасты. Алдағы жұмыстарды жүйеледі.
Түркістан облысы Сайрам ауданында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты байқау өтті.