Super User

Super User

Түркістан: сенаторлар облыстық штабтың жұмысын жоғары бағалады

Арыстықтардың жай-күйімен танысу үшін ҚР Парламенті Сенатының  Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Әли Бектаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев,  Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің мүшесі Әлімжан Құртаев Түркістан облысына арнайы келді.

Түркістан облысы: эвакуациялық орталықтардағы тұрғындарға жағдай жасалуда

Қазіргі таңда Арыс қаласынан қауіпсіз аймаққа көшірілген халыққа облыстық әкімдік тарапынан барлық қолайлы жағдай жасалуда. Арнайы жұмысшы топ құрылған. Еріктілер де өз көмектерін аямауда. Яғни, үй жайын тастап кеткен тұрғындар ешнәрседен тарығып жатқан жоқ.

Түркістан облысы: кәсіпкерлер зардап шеккен арыстықтарға 25 млн теңгенің дәрі-дәрмегін тегін ұсынды

Кәсіпкерлер Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде тегін дәрі-дәрмектерін ұсынды. Дәрілік препараттардың жалпы құны 25 млн. теңгені құраған. Бұл туралы төтенше жағдайдың зардаптарын жою штабында Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Түркістан облысы: арыстықтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 213 млн теңге аударылған

Арыстағы оқиға қоғамды ізгілік жолында біріктірді. Облыстан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз арыстықтарға көмек қолын созуда. Кеше, 2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысында  «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылған болатын.

Осы RSS каналға жазылу