Super User

Super User

Жетісайда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттауға арналған жиын өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданының «Сырдария» университетінің «Қазақстан» студенттер сарайында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында жастарға тарихи – тағлым насихаттау іс-шарасы өтті.

Түркістан облысының өзбек этномәдени бірлестігі кеңесінің мүшелері Келес ауданында жиын өткізді

Келес ауданының Біртілек ауылдық округінде орналасқан Т.Бегманова жалпы орта мектебінің думан залында Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігі, Келес ауданы Өзбек этномәдени бірлестігі кеңесінің мүшелері халықпен кездесіп, арнайы жиын болып өтті.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Келес ауданында кәсіпорын ашылды

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы арқасында Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Алтынбаев Өмірсерік Әлібайұлы өз қаржысы есебінен «Qagaz» атты шағын цех ашып, бүгінгі таңда 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шағын цехтың негізгі қызметі шаруашылық сабыны және дәрет қағазын шығарумен айналысады.

Отырар ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел өтті

Отырар ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні  мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, кемеңгер басшының ел тарихындағы сан қилы кезеңдерде оң шешім қабылдап, мемлекетімізді әлем елдерімен тең дәрежеде дамытуға өзіндік қосқан үлесі жайында сөз етті. Қонақтар алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы мен аудандық орталық кітапхананың «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмелерін тамашалағанын айта кетейік.

Осы RSS каналға жазылу