Түркістан облысында көмір қоры жеткілікті
Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мың тонна көмір бүгінгі таңда толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті көмір көлемі – 106,6 мың тонна. Ал облыстағы темір жол станциясы қоймаларындағы 1 тонна көмірдің бағасы бойынша «Шұбаркөл» көмірі – 14-15 мың теңге, «Ботақара» көмірі – 10-11 мың теңге көлемінде. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.