ТҮРКІСТАНДА «ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – СПОРТПЕН» АТТЫ АШЫҚ АЛАҢ ОЙЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары биыл да өз жалғасын тапты. Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарының жазғы демалысын тиімді және салауатты өткізуіне мүмкіндік жасау, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, халық арасында бұқаралық спортты дамыту.