Super User

Super User

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару науқаны тұрақты өтуде

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымы жоспарға сәйкес тұрақты жүргізілуде. Бүгінде өңірде жаздық дақылдар 316 мың гектар алқапқа егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 72 мың гектар, майлы дақылдар – 72 мың гектар, жоңышқа – 51 мың гектар, көкөніс – 31 мың гектар, бақша дақылдары – 38 мың гектар, ал мақта алқабы 52 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар ерте пісетін қырыққабаттан 2,2 мың тонна өнім жиналды.

Түркістан облысындағы тоңазытқыш шығаратын зауыт кеңейтіліп, жылдық қуаты 50 мың данаға жеткізілмек

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «UBC Group» компаниясының құрылтайшысы Игорь Бурдыленкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірде жүзеге асқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Келіссөз барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Әсіресе, «UBC Group» компаниясының қатысуымен іске асқан жобалардың тиімділігін күшейту және оларды кеңейту мүмкіндіктері сөз болды.

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет пен халық арасындағы негізгі дәнекер. Сондықтан мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен беделі көп жағдайда қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті жиынында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Төлеби ауданында алюминий орамдарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды

Инвестициялық жоба «QAZCOILPRO» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 115 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде алюминий орамдарын өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы ірі өндіріс орындарының біріне айналады деп күтілуде.Зауыттың өндірістік қуаты екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде жылына 100 мың тонна өнім шығару жоспарланса, екінші кезеңде бұл көрсеткіш 200 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Жоба нәтижесінде 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Осы RSS каналға жазылу