Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен елімізде төтенше жағдай жарияланып, барлық сақтық шаралары жасалынып жатыр. Қаншама миллион отандасымыз үйде үрей құшағында отыр. Төрт қабырғаға қамалып отыру қазақ халқына оңай тиіп жатпағаны да жасырын емес. Карантин кезінде қазақстандықтардың мәдени-рухани демалысқа сусап қалғаны да рас. Осы жайтты ескерген Түркістан облыстық мәдениет басқармасы өткен аптада түбі бір түркі жұртының атап айтсақ,Түркия, Азербайжан сынды мемлекеттердің әншілерімен байланысқа шығып, "Түркістаным-Тұраным" әнін қазақ әншілерімен бірге шырқатып, арнайы клип түсірген болатын.