Түркістан: Сегіз қырлы сағанада қайта жаңарту жұмыстары жүруде

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сегіз қырлы сағанада қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 40 метр жерде орналасқан сағананы қайта жаңарту жұмыстарымен «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны айналысуда.

Түркістандағы Жүсіп ата кесенесінің маңайы абаттандырылып жатыр

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық — музейіне қарасты Жүсіп ата кесенесінде абаттандыру жұмыстары жүруде. Қорық-музей әкімшілігі және жергілікті кәсіпкерлердің бірлесуімен қолға алынған игілікті бастама аясында 700 дана раушан гүлі, 100 түп тұт және  40 дана боз арша ағаштарын егу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, келушілер үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында 10 дана орындықтар мен  22 жарық шамдарын орнатылады.

Түркістанда Абайдың 175 жылдығына орай анимациялық фильмдер түсіріледі

 

  

Түркістан облысы бүгінде телесериал мен анимациялық фильмдердің орталығына айналып отыр. Бұған дейін аңыз әрі тарихи кейіпкерлерді паш ететін бірнеше туындыны көрерменге тарту етті. Биыл да Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Түркістан құпиялары» деректі фильмін және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында анимациялық фильмдерді түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.

Отырар ауданында Абайдың 175 жылдығына орай жылжымалы көрме ашылды

 

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы сапар орталығында» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Шежірелі Шыңғыстаудан-киелі Отырарға» тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Жеті ата» қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көшені зерттеу жұмыстары жүргізілуде

 

Ортағасырлық бас көшеде қолға алынған жұмысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Қазқайтажаңарту» мекемесінің археологиялық тобы жүргізуде.

Түркістанда «Маңғыстаудың қасиетті нысандары» атты жылжымалы көрме ашылды

 

Жылжымалы көрме Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ашылды.

Түркістандағы Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің маңызды объектісі - Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Биыл тарихи орынды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына ерікті жастар да атсалысады.