Түркістан облысы: Арыс қаласында журналистер мен қоғам белсенділері сенбілік ұйымдастырды
Бүгін Арыс қаласында сенбілік өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сенбілікте қоғам белсенділері қаланың көшелерін тазалап, тазалыққа үлес қосты.