Сенбі, 16 Қараша 2019 17:26

Түркістан облысы: Отырар ауданында сенбілік өтті

Күллі түркі жұртшылығы үшін қасиетті де киелі болып саналатын Түркістан мен Отырарды бір-бірінен бөле-жарып қарауға әсте болмайды. Көне Түркістан мен Отырарды шын мәнінде киелі деген абыройлы атына сай әсемдігі көз тартарлықтай көрікті мекенге айналдыру мақсатында көптеген ауқымды, игілікті жұмыстар жүзеге асырылуда. 

Бұл тұрғыда қоршаған ортаны бүгінгі биік талғам мен талапқа сай таза күйінде сақтауға әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан сенбіліктердің де септігі тиіп жатқаны сөзсіз. Тазалықтың ең біріншіден мықты да қалыпты денсаулық кепілі екендігін саналарына сіңірген отырарлықтар бүгінгі өткізілген ерікті еңбек мерекесінде аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің басшылығымен өздерінің киелі мекендерінің экологиялық жағынан таза болғанын шын ниеттерімен қалайтындықтарын көрсетіп, сенбілікке белсене атсалысты. Осы күні сенбілікке қатысқан аудан мекемелерінің 350-дей қызметкерінің киелі Отырарының көрікті болғандығын қалап, қызу еңбек үлгісін көрсетулерінің арқасында жаңадан мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ қызметкерлердің белсене атсалысуларымен көше бойлары, арық-атыздар сенбілікке жұмылдырылған техникалардың көмегімен толық тазартылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 612 рет