Түркістан: облыс әкімі «Voice of Turan - 2023» халықаралық қазақ әндері фестивалінің қонақтарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Voice of Turan - 2023» халықаралық қазақ әндері фестивалінің қонақтарымен кездесті. Жиынға байқауға төрелік ететін қазылар алқасы мен өнер майталмандары және ән додасында бақ сынайтын 15 шетелдік әнші қатысты.

Түркістанда «Жаңарған жер, бақ қонған ел –Түркістан!» мерекелік концерті өтті

Түркістанда жаңадан ашылған «Мұз сарайы» алдындағы ашық алаңда «Жаңарған жер, бақ қонған ел –Түркістан!» атты мерекелік концерті өтті. Бес жылдық белеске арналған кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарды құттықтады.

ШЫМКЕНТТЕ «АЖЫРЫҚ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында жазушы-драматург О.Қожамбердиевтің «Ажырық» драмасы сахналанды. Қойылымда қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – нашақорлық тақырыбы көтерілген. Өскелең ұрпаққа ішімдік, темекі, есірткінің адам баласына тигізетін залалын түсіндіріп, одан аулақ болуды көрсету мақсатында сахналанған қойылымның премьерасын М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушылары ерекше ықыласпен тамашалады. Қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры Самат Алтайдың айтуынша, шаһардың жасөспірімдерін толық қамту үшін қаладағы барлық білім ұйымы шақырылған. Алдағы бір айда спектакль өз көрермендерін күтеді.

Ажырық шөбі табиғатта жемістің өсуін тоқтатады. Тамырына оралып, өсім бермейді. Сол секілді есірткі де адам өмірін өксітеді, ажал құштырады. Жасыратыны жоқ, нашақорлыққа көбінесе жастар шалдығады. Жастар арасындағы есірткіге әуестік білместіктен басталады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық қалыптаспағандығы, иланғыштық, еліктеушілік — алғаш рет ішімдік пен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қоғамды толғандырып отыр. Ол бір адамның ғана емес, бүтін мемлекеттің қайғысы. Қойылым арқылы балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін түсінсе, біздің еңбегіміздің ақталғаны, – деді С. Алтай.

Оқушыларды айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырған қойылымда басты кейіпкер ауылдан қалаға арман қуып келіп, есірткі тасымалдаушылардың тұзағына түсіп қалады. Қойылым барысында есірткі тасымалдаушылардың жасөспірімдерді алдап-арбау арқылы уысына түсіретіндігін кейіпкерлер жоғары деңгейде жеткізе білген. Театр ұжымы кейіпкердің тағдыры немен аяқталатынын көріп, ой түюге барша көрермендерін шақырады.

Айта кетейік, «Ажырық» драмасы Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында бір ай бойы сахналанбақ. Қойылымның режиссері – Қажыбай Айтибаев. Режиссердің қойылымдары жоғары бағаланып, республикалық, халықаралық театр фестивальдерінің жеңімпазы атанған.

Түркістан туралы мюзикл жарыққа шығады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәдениет саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды саралау үшін мәдениет және өнер қайраткерлерін қабылдады. Кездесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов, продюсер, режиссер, сценарист Сержан Молдасанұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев қатысып, Түркістанда өнер, мәдениет салаларын дамыту бағытында пікір алмасты.

Түркістанда мәдениет саласын дамытатын жаңа мамандар қабылданып жатыр

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Таяуда «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді.