Жұма, 10 Қараша 2023 02:58

Сауран: «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында кездесу өтті

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Бүгін Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округіндегі Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып өтті.

Кездесуде ғалым, ұстаз Арыстан Оспанов ұлттық рухты оятып, құндылықтарды насихаттайтын имандылық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бойынша өз ойын ортаға салып, жастарды имандылыққа шақырды. Сонымен бірге, айтыскер ақын Біржан Байтуов Руханият керуені облыс көлемінде өтіп жатқандығына тоқталып, осындай кездесулердің маңызы жоғары екендігін атады.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, аудандық мәслихатының депутаты Хуршид Шарапов, аудандық орталық “Дервиш Әли” мешітінің бас имамы Бауыржан Акауов сөз сөйлеп, өз алғыстарын білдірді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 119 рет