Семинарды «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ерлан Дәкенов жүргізді. Жиында Түркістан облысының Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы сөз сөйлеп, Ясауи мұрасын зерттеу мен насихаттаудың, жастардың тарихи-рухани танымын арттырудың маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында профессор, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, дінтанушы Сержан Оразбай, «Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов және философия докторы Төлеген Мұхит баяндама жасады.
Спикерлер Ясауи мұрасының тарихи және рухани маңызы, хикметтеріндегі адамгершілік құндылықтар, ұлттық сана мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы ой бөлісті. Қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы рухани тұтастықты нығайту бағыттары бойынша пікір алмасты.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат