Сондықтан, Түркістан облысының аумағындағы мешіттерде 5-наурыздан бастап жамағатпен жұма намазы оқыла бастайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың айтуынша, жамағатпен құлшылық рәсімін жасау үшін мешіттер 30 пайыз ғана толтырылады.
«Медициналық маска тағу, діни жоралғы кезінде сапқа тұрғанда арақашықтықты сақтау талап етіледі. Жалпы, өңірдегі барлық 750 мешітте залалсыздандыру жұмысының жүргізілуі қадағаланады. Уағыз оқылмай, тек парыз намазы ғана орындалады. Дәретханалар карантин талаптарып сақтай отырып ашылады. Жұртшылықты карантин шегінен шықпай, талапты орындауға шақырамыз», - деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.
Сондай-ақ, дін өкілдері жаназа және жерлеу рәсіміне қатысушылар санын 50 адамнан асырмау қажеттігін жеткізді.
Ал, індет өршіген жағдайда жұма намазын оқу тоқтатылады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат