Сенбі, 01 Қазан 2022 07:42

Түркістан: Жат ағым жолдан адастырады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, яғни ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімді жүргізілуі. Осы орайда, Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №7 С.Ерубаев атындағы мектеп интернатында балалармен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты.

Жастар —  қоғамның қозғаушы күші. Қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағымдар жастарымыздың санасын улауда.  Ал осы жат ағымның шырмауына түскен жастарымыз хақ дін мен теріз ағымның арасын ажырармалып жүр. Бұл еліміздің болашағы үшін де, қоғам үшін де ойланатын үлкен мәселе.

Жат ағымның алдын алу мәселесінде біздің елдің позициясын білесіздер, біздің ел — күшпен емес, біліммен идеологиямен жеңуді көздейді. Елбасының  өзі қазақ елінің тарихында дәстүрлі дінді ұстанған зиялы қауымның болғандығын үнемі ескертіп, олардан үлгі алуымызды  айтып өткен.  Қазіргі таңда еліміздің әр аймағы бойынша дін істері басқармасы жұмыс істейді. Басқарманың өзінің көптеген функциялары бар. Ал сол функцияның бірі- осы жат ағымның жетегінде кеткендерді кері қайтару. Бұл бойынша Алматы қаласының әр ауданында кеңес беру және оңалтумен айналысатын арнайы дипломы бар теолог мамандар жұмыс істейді. Кейбіреулерімен жеке кездесулер ұйымдастырылса, кейбіреуімен құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жасалады. Одан кейін экстремизм мен терроризм бабы бойынша отырған абақтыдағы адамдармен де кеңес беру істері жүргізіледі. Ең алдымен ата-ана баланың интертте отыру мәдениетін қадағалап отыруы керек. Сонымен қатар жастар ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен сайттарға ғана кіруі керек. Адамда идеологиялық ваккум деген нәрсе болмайды. Адамдар сол ваккумды бір нәрсемен толтырғысы келеді. Діни сауатын ашқысы келетін жастарға тек дұрыс жолды нұсқауымыз қажет. Діни сауалдар туындаған кезде діни жоғары білімі бар мемлекеттік саяси немесе мемлекеттік бағытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының нұсқауымен ұсынылған ұстаздардан ған білім алуға кеңес беремін. Тағы бір ескеретін жайт ата-ана мен баланың қарым-қатынасы ашық болуы керек. Егер бала өз ата-анасынан әрекеттерін жасырын жасайтын болса, ата-анасымен ақылдаспайтын болса  қыйын жағдайларға тап болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының араласатын достары мен ортасын да бақылауға алғаны жөн. Егер бала жастайынан намазға жақын болып, діни сауаттылығын арттыруға бейімделсе, бала қай бағытта намаз оқуда? Қандай діни кітаптардан білім алуда? Дәстүрлі «Ханафи мәзхабы» жолын ұстануда ма? Осы сауалдардың барлығын ата-ана өз бақылауына алуы керек. Өйткені намаз сырт көзге үлгі боларлық жағдай болғанымен, оның ішінде қаншама мәселе жатыр. Өйткені сол көзқарасты адамдардың идеологиясында үлкен мән жатыр. Біз идеологияны адамның жүрегінен көре алмаймыз ғой, тек сыртқы көрінісіне ғана қарап баға бере аламыз. Кез-келген теологтан сұрасаңыз жат ағымға кетудің алғашқы себеді ол-діни білімсіздік. Ал екінші адам бір белгілі себептермен намаз оқуға бел буады. Ал осы кезде оның алғашқы бағыт беруші ұстазы қандай болса соның көрсеткен жолымен кетуі. Егер оның ұстазы жат ағымның насихаттаушысы болса, ол соның артынан оңай еріап кетеді. Өйткені ол адам не айтса да ұстазымның айтқаны дұрыс деген көзқараста болады. Үшінші мәселе ол-қаржылай тәуелділік. Өйткені жат ағымның өкілдері өзінің артынан ерушілерге алғашқыда қаржылай материалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Ал берген қолға ешқашан қарсы шыға алмайтындар бар. Жомарт адам қашанда бәрінен жақын тұрады. Бұл басқа ағымды насихаттайтын бірден-бір жол осы. Төртіншіден жат ағымды нәсихаттайтындардың бейне жазбаларының көп таралуы. Бұл да үлкен себептің бірі.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады: ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремистік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару керек. Мұндай жұмыстарға жоғары білімді, білікті теологтармен қатар, психологтар, педагогтар мен дінтанушылар, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тағы да тиімдірек жүзеге асыру қажет.
Ал, екінші жол бойынша «оқшауланған» идеологияға жақтасқандармен кешенді түрде тікелей жұмыс жүргізу, әрі оларды қайта иландыру жолдарын, айла-тәсілдерін зерттей отыра, ондай шараларды іске асыруды қолға алу бүгінгі күніміздің талабына айналды. Сондай-ақ, семинарда «Жастардың діни сезімдерінің радикалануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбы айтылды. Кейбір мәліметтер бойынша, өзге ағымның жетегіне кетушілердің 80 пайызы 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтарды құрайды. Оған негізгі себеп – әлеуметтік желілердегі уағыздар мен жастар арасындағы жұмыссыздық. Сондықтан, жиында дәріскерлер мектеп психологтары мен ұстаздары оқушылардың діни сауаттылығын арттыруды жиі қолға алу керек деп есептейді. Ал, мешіт имамдары мен теологтар ел арасындағы үгіт насихат жұмыстарын жүйелі жүргізсе, жастардың түзу жолдан таймауына сеп болатындығын жеткізді. Семинар-тренингке қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын қойып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізді.

 



Оқылды 437 рет