Жұма, 30 Қыркүйек 2022 06:54

Түркістан: Жастар қауіпсіздігі өте өзекті мәселе болып табылады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №9 Некрасов атындағы мектеп гимназия

оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды.  Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салады. Қазір жер бетінде  2 миллиардқа жуық мұсылман бар. Бұлардың бәрі де өздерін «Мұхаммед пайғамбардың үмметіміз» деп түсінеді. Мұхаммед пайғамбардың өсиеті мен аманатын  «Ислам өркениеті», «Ислам мәдениеті»  деген  ұғымдармен тығыз қарастырады.  Ежелден өзге өркениетке, өзге мәдениетке сыйластықпен, түсіністікпен қарау да үлкен мәдениеттілік. Бүгінгі тілмен айтқанда, толеранттылық. Толеранттылық деген терминді алғаш енгізген және жиі айтатын Батыс әлемі. Батыста «Ислам өркениеті мен Батыс өркениеті  түбінде бір қақтығысады» осыған дайын болу керек,  Батыс өркениеті Ислам өркениетін жеңуі керек деген түсінік бар. Бұл Самуил Хантикгтонның «Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында, сондай-ақ Фрексис Фукмяманың еңбегінде де айтылады. Қазіргі таңдағы діннің саясат құралына айналып, дінді жік-жікке бөліп, діннің қадірін кетіру де жоғарыда атап өткен жазушылардың еңбегіндегі сөздеріне дәлел бола алады. Бұл ретте, халықтың діни сауатын арттыру негізгі мәселе,- деді маман.  Оның сөзінше, жат ағымның жетегнде кетудің себебі, адамға білім жетпейді. Оның ішінде, діни сауаттылығымыз өте төмен екен.  Діни білімнің жетілуі дегеніміз біздің ауызбіршілікті күшейту деген сөз. Қарапайым халықты ылаң салушы, жат дін ағымның өкілдеріне қарсы діни сауаттандырудан кейінгі мәселе жат діни  идеологияларына қарсы ЖОО-да, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде лекция, семинар, кездесулермен қатар насихат жұмыстарын жүргізу керек. Осы орайда,  жастарды ескертіп отыратын мәселе  діни білім алып, діни сауатын арттыру барысында әлеуметтік желілер мен интернет  ресурстарын пайдалану барысында  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу қажет деді ол. -  Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері ресми тараптан ақпарат алуға құлықсыз. Олар дереккөз ретінде интернет ресурстарын басшылыққа алады. Осы интернет ресурстарында мемлекеттің ресми ұстанымын баяндайтын мәліметтердің санын арттыру жұмысы қолға алынуы тиіс. Себебі интернеттен гугл не басқа да іздеу сайттары арқылы мәлімет іздегенде бірінші болып сол ағым сайттары шығады. Іздеуші адам көп жағдайда уақыт үнемдеу үшін іздеу сайттарының бірінші парақшасында келген сайттардағы мәліметтерді көрумен шектеледі. - Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерінің басым көпшілігі жастар. Олар ондай ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады. Осыған байланысты дінтану пәнін оқыту процесінде  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу және психологиялық тұрғыдан әлеуметтік желідегі жат ағым өкілдерінен қорғану тәсілі ретінде Қазақстан аумағындағы діни сайттардың ақпараттарының мазмұнына мән беріп, мешіттердегі атқарылған іс-шараларды ғана насихаттаумен шектелмей нақты өмірлік тәжрибеде кездесетін мәселелерге жауап беруге тиіс. Жат діни ағым өкілдерінің сайттарында ресми сайттарға қарағанда жастардың үлесі басымырақ, өйткені  психологиялық тұрғыдан қазіргі таңда  жастардың дені «клиптік ойлау» бейімделген, яғни адамдардың ұзақ ақпараттарды қабылдауға ынтасы жоқ, қызығушылық танытпайды және ресми жаңалықтарға ден қоймайды. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы, теолог мамандары әлеуметтік желілерді қысқа метражды сұхабаттарын жариялауда. Осы тұрғындан жұмыс жасау тиімді деп санаймын.Қазіргі таңда ғаламтор және жастар қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті мәселе болып табылады. Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында интернет пен әлеуметтік желіде діни экстремизмнің жолын кесуді, діни радикалды көзқарасқа мүлдем төзбеушілікті тапсырған. Экстремистер өздерінің теріс пиғылдарын психологиялық тұрғыдан сауатты түрде ғаламтор арқылы насихаттауды жетік меңгерген. Жат діни ағым өкілдерінің жазба дыбыс арқылы келетін жолдауларды, түрлі бейнедегі суреттерді, түсірген видеороликтерді көрген жастар түрлі психологиялық ойларға барып, қауіптерге бел буады. Психологиялық тұрғыдан сауатты жасақталған материалдармен жат діни ағым өкілдері жастардың психологиялық әлсіз тұстарын біліп, олардың мінездемелеріне сай түрлі айла тәсілді қолданары хақ.  Осы тұста мамандар психологиялық қоғаныс жайлы да сөз етті. Психологиялық қорғаныс тәсілдері: Қорғаныстың негізгі және бірінші түрі бұл - терістеу, теріске шығару. Өзіңді жағымсыз ситуациялардан қорғау үшін, адам шын мәнінлегі болған нәрсені теріске шығара бастайды. "Бұл қате",  " Бұлай болуы мүмкін емес", "бұл мен емеспін" деген сықылды сөз тіркестері адамның теріске шығару арқылы қорғаныс әдісінде тұрғанын көрсетеді.  Бұндай сәттерде, өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін дауласып, әртүрлі дәлелдер келтіру керек емес.  Одан да адамның жанында болып, оның ойлануына мұрсат берген жөн.Қорғаныстың келесі тәсілі - регрессия.  Мысал ретінде алатын болсақ, егер отбасында екінші бала пайда болатын болса, үлкен баласы бақырып, шақырып мінез көрсете бастайды; немесе жазғы лагерьде үйін сағынған баланың қылықтары. Егер жақын адамыңыз осындай қорғаныс тәсілін таңдаса, оған өз махаббатыңды көрсету керек.Қорғаныстың позитвті тәсілдерінің бірі компенсация  мен сублимация. Дәстүрлі құндылықтар – ішкі  тұрақтылықтың тұғыры, рухани  қауіпсіздіктің  тірегі және ең бастысы-ұрпақтар сабақтастығының негізі. Ел боламын деу көптің тілегі. Дін ел боламын деген мемлекетті қалыптастыратын негізгі институттарының бірі. Мемлекеттің негізін қалыптастыратын ұлт бірнеше жікке бөлінсе мемлекетке зақым келеді. Әр адамның азаматтық қоғамды құрайтын жеке тұлға ретінде құқықтары толықтай сақталып, заңды, құқықтық қоғамда өмір сүргіміз келеді. Саяси мақсатты көздейтіндер дінді табыс көзіне айналдырғандар мен  қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жойғысы келетін күштердің әрекеттері бар екендігі белгілі.  Жеке тұлға мемлекеттің азаматы ретінде,  әрі белгілі бір діннің өкілі, діндар әрі зайырлы болуы мүмкін. Діни таным мен діни сенім арасын ажырату және нақты анықтамасын беру керек. Сенім мен  танымның арасында айырмашылықтарды нақты көрсету керек. Сенім табиғаты жағынан субьективті яғни, әр адамның түйсіну, сезіну, қабылдау деңгейіне қарай әр түрлі бола береді. Себебі онда әр адамның құдайдың тану тәжірибесі, рухани психологиялық процесс ретінде нақты сүйенеді. Барлық адам баласы құдайға сенгенімен танымы әр қандай болады. Ал таным негізделуі анықталуы қайта тексерілуі  талданып үздіксіз жүріп отырады. Бұл жерде діннің сеніміне зайырлықтың танымға негізделген  түсініктер екенін көруге болады. Зайырлылық- сенімге дінге,  идеологияларға қатысы жоқ. Жеке тұлғаның үздіксіз дамып отыратын таным процесінің сонымен қатар бір жаратушыға деген сенімінң қалыптасуына жат діни ағым өкілдерінің әсерін болдырмау өзекті мәселе. Бүгінгі күні бақ түгендейтін тақ түгендейтін уақыт емес, беліңді бекем буып, қауымның жотасы шаруасына жан пида ететін заман.Жаңа мыңжылдыққа келіп жатқан тәуелсіз елдің қоғамдағы өз орнын дұрыс тауып, өз аяғын жөн алып түру үшін де ең әуелі дәстүрлі қазақы діни сана қалыптастыру керек. Сонда ғана расымен санамыз, психологиямыз құлдық санадан азат болады,- деп аяқтады сөздерін. Жиын барысында мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Оқылды 404 рет