Түркістанның туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері, көрсеткіштері таныстырылды
Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президентіСаад Каддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты. Оған 19 мемлекеттен, атап айтар болсақ Австралия, Америка, Иран, Қытай, Малазия, Шри-Ланка, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Тайланд т.б. 30-ға жуық қолөнерші келді. Бұл келелі жиынның мақсаты – киелі шаһарға Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру.