Super User

Super User

Түркістан облысы: Созақта Алтын күз -2018 байқауы өтті

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі және Сызған ауыл округі жастар ісі жөніндегі әдіскері М.Маханбетовтың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасы аясында «Алтын күз – 2018» байқауы өткізілді.

Түркістан облысы: Созақта Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті

Сейсенбі, яғни, 30 қазан күні Созақ ауданындағы Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінде «Заманға сай жаңғыру - баршамыздың басты міндетіміз» атты тақырыппен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні елімізге жолдаған жолдауын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында жиын болып өтті.

Жетісайда «Алтын күз» туристік көпсайыс өтті

Жетісай қаласындағы орталық саябақта аудандық «Жастар ресурстық» және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарының ұйытқы болуымен «Алтын күз» туристік көпсайыс өтті. Шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Мұхтар Бейсенбаев, аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Тұрсынбай Мырзалиев және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан қаласы 3 аймақ бойынша дамитын болады

Түркістан қаласының дамуы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған даму концепциясы жасалынып, Түркістан қаласын 3 аймақ бойынша дамыту жұмыстары әзірленуде. Атап айтқанда, тарихи киелі аймақ - 89 гектар; құрылыс салуды реттеу аймағы - 98 гектар; әкімшілік-іскерлік орталығы - 700 гектар аумақта орналасқан. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Орталық коммуникация қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте мәлімдеді.

Осы RSS каналға жазылу