Түркістан қаласында өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатын өңір спортшылары табысты аяқтады

Түркістан қаласында өткен ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған ел біріншілігінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас зілтеміршілер бақ сынап, үздіктер анықталды.

Түркістандық Бекасыл Асамбек еркін күрестен Азия чемпионы атанып, туған жерге табан тіреді

Тайландтың Паттайя қаласында 4-5 шілде күндері еркін күрестен 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының сапында сынға түскен түркістандық Бекасыл Асамбек 60 келі салмақ дәрежесінде шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Отырар ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған футбол турнирінің ашылу рәсімі өтті

Отырар ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қазақтың даңқты перзенті, әлемге қазақ халқының қайсар рухын танытқан әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай аудандық әуесқойлар арасында футболдан турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Түркістан қаласында ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды

Түркістан қаласында алғаш рет ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР жекелей және командалық чемпионаты өтуде. Бүгін аталған жарыстың ресми ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті, бас хатшысы Мадина Астамирова, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асқар Кадиров және Түркістан облысы ауыр атлетика федерациямының президенті Алмасхан Жамбаев қатысты.

Кентау: Хантағы ауылында жаңа футбол алаңшасы пайдалануға берілді

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында заманауи салынған жаңа футбол алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.

Түркістан қаласында өткен Қазақстан біріншілігінде жарыс қожайындары үздік нәтиже көрсетті

Түркістан қаласында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен келген үздік спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде Түркістан облысының ескекшілері жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 42 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 24 алтын, 8 күміс және 10 қола жүлде бар.

Түркістан қаласында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі басталады

Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандартқа сай ескек есу каналында 1 шілде – Жаңа Конституцияның қабылданған күніне орай академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Түркістандық спортшы Азия және Океания чемпионатында алтыннан алқа тағынды

Ағымдағы жылдың 24–28 маусым күндері Филиппин Республикасының Манила қаласында ересектер арасында самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшысы Асанқызы Нурила жоғары шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.