Дүйсенбі, 23 Қыркүйек 2024 22:32

Комбат дзю-дзюцудан ҚР чемптонатында шымкенттік спортшылар топ жарды

Алматы қаласында Комбат дзю-дзюцудан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Атаулы жарысқа 12 облыстан және 3 қаладан 500-ден астам спортшы қатысты. 

3 күнге созылған жарыстың  бірінші күнгі нәтижесі төмендегідей болды:

Раунд-файт бағдарламасы бойынша: 16-17 жас ұлдар және қыздар (2007-2008ж) арасында:  Ерболұлы Дінмұхаммед -45 келі, Сейдалы Даниял -50 келі, Туғанбай Абдуррахман - 75 келі, Муратбек Мөлдір - 47 келіде өнер көрсетіп  - алтыннан алқа тағынды.

Әбдісаттар Бекжан - 55 келі, Абдумалик Даниял - 70 келі, Есімхан Нұржан - 75 келі салмақта өнер көрсетіп – екінші орынды иеленді.

Магамедов Султанбек - 55 келі, Бекзаткан Ердаулет - 60 келі, Сраж Исмаио - 65 келі, Таджанова Інжу - 53 келі салмақта өнер көрсетіп – үшінші орынды місе тұттып, қола медльді жеңіп алды.

Раунд-файт бағдарламасы бойынша: 18-20 жас ұлдар және қыздар (2004-2006ж) арасында: Магамедов Асланбек - 85 келі, Нуран Балнур - 50 келі, Утегенова Акжунис - 56 келі, Қалыбай Аяжан - 68 келі салмақта шығып, қарсыластарын шаң қақтырды. Осылайша спортшылар  – бірінші орын алды.

Қанай Қайсар, - 57 келі,  Елеусыз Дастан - 70 келі, Тәжіғұл Азамат  +92 келіде өнер көрсетіп – үшінші орынға жайғасты.

Жарыстың екінші күні де спортшыларымыз үшін жаман болмады. Бабы келіскен спортышлар "клосс контакт" бойынша: 16-17 жас ұлдар (2007-2008ж)

Магамедов Султанбек - 55 келіде өнер көрсетіп – 1 орынды иеленіп, алтыннан алқа тақты.

Ерболұлы Дінмұхаммед - 45 келі, Есімхан Нұржан - 75 келіде – 2 орын, күміс медаль алды.

Абдиманап Мадияр - 45 келі, Үсіпбек Сүндетәлі - 50 келіде – 3 орын, қоланы місе тұтты. 

Дәл осы бағдарлама "Клосс контакт" бойынша: 18-20 жастағы ұлдар және қыздар арасында тағы бір қатар спортшы ұл-қыздар өнер көрсетіп төмендегідей нәтижеге қол жеткізді: 

Тәжіғұл Азамат +92 келі, Нуран Балнур - 50 келі, Утегенова Акжунис - 56 келі, Қалыбай Аяжан - 68 келіде өнер көрсетіп – алтын алды.

Әуелтай Еркебұлан - 63 келі, Турмағанбет Дінмұхамед - 70 келі, Магамедов Асланбек - 85 келіде – күміс иеленді.

Жақсыбеков Ермұхамед - 70 келі – қола медальді жеңіп алды.

Үшінші күннің нәтижесі де жаман олған жоқ. Спортшылар бар өнерлерін ортаға салып, тырысы-бақты. Осылайша: 

"Фулл контакт" бойынша: 16-17 жас ұлдар (2007-2008ж) арасында: Абдиманап Мадияр  мен Есенбек Сұлтан – бірінші орынды жеңіп алды.

Ерболұлы Дінмұхаммед пен Есімхан Нұржан – екінші орынға жайғасты.

Бекзаткан Ердаулет – жүлделі үшінші орынды місе тұтты.

"Фулл контакт" бойынша: 18-20 жас ұлдар және қыздар арасында:

Жақсыбеков Ермұхамед, Салыхан Сапарғали, Тәжіғұл Азамат,  Нуран Балнур, Утегенова Акжунис қарсыыластарын шаң қақтырып – алтыннан алқа тағынды.

Қанай Қайсар, Елеусыз Дастан,  Магамедов Асланбек, Таджанова Інжу  – қолаға қол жеткізді.

Осылайша шымкенттік спортшылар 3 күнге созылған жарыста олжалы оралды. 

Оқылды 240 рет