Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спортына аса ден қойып, бокс пен әскери самбо үйірмелерін дамыту мәселелері де әңгіме арқауына айналды. Сөз орайы келгенде Ерлан Қуанышұлы өскелең ұрпақты патриоттық рухпен тәрбиелеуде отандық спортшыларымыздың алар орны ерекше екенін атап өтті. Қала басшысы спорт шеберіне алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
ММА балуаны Арман Оспанов өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Бүгінгі күнге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ында жеңіске жетіп, 2-нен жеңіліс тапты. ACA, AP, LS сынды дүбірлі додаларға қатысқан.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.