Іс-шараның басты мақсаты: жастарды салауатты өмір салтына баулу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Спорттық жарысқа аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, ҚР-ның Қорғаныс министрлігінің Жастар ісі жөніндегі орынбасары, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Мендіғалиев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы филиал төрағасы Ролан Қонысбеков, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Асқар Кенехан, аудаудық мәслихат депутаттары Дәуір Ахатаев, Жанар Бауыржанқызы, аудандық спорт мектебінің директоры Сәкен Бөлегенов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойын нәтижесі бойынша нәтижелі ойын көрсеткен спортшылар арнайы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат