Бейсенбі, 12 Шілде 2018 13:48

Шымкент: «Challenge. Сенің жаңа қырың!» республикалық спорттық акциясы ұйымдастырылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіру мақсатындашырайлы Шымкент қаласында «Challenge. Сенің жаңа қырың!» республикалық спорттық акциясы өткізілді.

 Акцияға қала тұрғындары, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдерімен қатар, шаһардың танымал үздік спортшылары Мұxтарxан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Роза Абитовалар қатысып, қатысушыларға қолдау білдірді.  Акцияда жалпы 1000-ға жуық адам белсенділік танытып, жаттығулар жасады.

Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру болатын. Шараға Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Намазбай Әбдіқұлов белсене қатысып, қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға шақырды.

Ал жыл бойы белсенділік танытқандар да ескерусіз қалмады. Республикалық «Challenge. Сенің жаңа қырың!» спорттық акциясының белсенді қатысушылары болып Асхат Нұрлыбаев,Диана Мирсиева танылса, «Ең үздік спорттық команда» марапаты «TVK» телеарнасына бұйырды. 

Осылайша шымкенттіктер салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1549 рет