Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Қызметтің Түлкібас ауданындағы №2 МӨСБ, 2-ші орынды Қызметтің Түркістан қаласындағы №39 МӨСБ, 3-ші орынды Қызметтің Созақ ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімі иеленді.
Сонымен қатар, ойыншылар арасында үздік ойын көрсетіп, «Үздік қақпашы» атағын Мағжан Боранбайұлы, «Үздік қорғаушы» атағын Айбек Абилкасимович Мухтаров, «Үздік шабуылшы» атағын Сүндет Абайұлы Қылышбай, көрермендер көзайымы атағын Қызметтің Кентау қаласындағы № 12 өрт сөндіру бөлімі иеленгенін айта кетейік.
Құтқарушы мамандығы қиын және қауіпті - нағыз ер адамдарға арналған мамандық десек, қателеспесіміз анық. Сол үшін де құтқарушылардың дені сау, физикалық мүмкіндігі мықты болуы тиіс. Міндетті түрде спортпен шұғылданып, кез келген қиын жағдайда төзімділік таныта білуі тиіс. Табиғи немесе өндірістік апаттың, террористік актінің немесе адамдардың өмірін қиюға болатын кез-келген басқа жағдайдың қай жерде болғанына қарамастан, құтқарушылар дереу көмекке жіберіледі. Олар батып бара жатқан адамдарды құтқару үшін көлдердің, өзендер мен теңіздердің тереңдігіне шомылуға мәжбүр; апат кезінде зардап шеккен автомобильдерді кесіп, жаралыларды шығарып алады. Бұл жұмыс жоқ, ол күнделікті, монотонды сарқылмайтын еңбексіз, бүкіл ел бойынша қалалар мен ауылдарда өз отандастарына көмектесу үшін түрлі апаттар орындарына баратын мыңдаған адамдар. Дәл осы күнделікті ауыр жұмыс, ең кішкентай құм түйірлерінен Құтқарушының келбетін жасайды.
Құтқарушы: жабдықты жұмысқа дайындауды, ойлы-қырлы жерлер жағдайында орын ауыстыруды, су кедергілерін, жартасты учаскелерді, қарлы беткейлерді, жыраларды, үйінділерді еңсеруді; өрт сөндіру құралдарын пайдалануды; қалыптасқан жағдайды бағалауды және оңтайлы шешім қабылдауды; зардап шеккендерді іздестіруді жүргізуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді және тағы басқаларды меңгеруі тиіс. Жәбірленушіге психологиялық әсер етуді үйрену, дүрбелең көңіл-күйін болдырмау және көшбасшы рөлін алу өте маңызды.
Өрт сөндіруші - бұл жай ғана мамандық емес, ол-жан дүниесінің ерекше жағдайы. Мұндай жан ешқашан ескірмейді, ол әрқашан ашық және әрқашан ерлікке дайын. Өрт сөндірушінің Ар-намыс кодексі адамдарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тігуді міндеттейді. Әрине, адам осы өмірде кім болатынына бей-жай қарамауы керек. Оның болашағы оның алдында қандай мақсатты көретініне байланысты, тіпті егер мақсат соңына дейін жетпесе де. Біздің ұмтылыстарымыз неғұрлым жоғары болса, соғұрлым нәтиже аламыз.
Біздің күнделікті күйбең тірліктің таразысын туралап отыратын жүрегі жылуға толы адамдар саны аз емес. Олар күнделікті қызметте ерлік жасап жүрседе қарапайымдылығымен ерекше. Тек сондай қарапайым адамдарды қаһарман ететін өжетке толы өзегі мен қайратқа толы қызметі. Олардың бірі-өрт сөндіруші-құтқарушылар. Тыныш тірліктің тынысын қамтамасыз ететін бүгінгінің қаһармандарының ерлікке толы еңбегі де әркімнің қолынан келе бермейді.
Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын мамандық. Түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық. Қай уақытта болсын, құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, өрт, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең біріншіден біз 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұраймыз. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді. Лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қол ұштарын созады. Бұл олардың жасайтын ерліктері. Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтандайды.
Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері — орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
— Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).
— Көлік жүйесіндегі апаттар.
— Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.
Міне, осылар жүмыс орнындағы апатқа, жарылыс-тарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радио-активті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына үшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдык станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мүндай жағдай Атырау химия, мүнай айыру заводтарында да болып түратындығы ықтимал.
Апаттың тағы бір өте қауіптілігі — күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол түрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, қүстар және т.б. өміріне өте қауіпті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»