Түркістан облысында жол сервисін жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді

Республикалық жолдардағы сервис сапасын арттыру бағытындағы кешенді жұмыс аясында Түркістан облысында жол бойы қызмет көрсету нысандары ретке келтіріліп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасымен Түркістан–Шымкент және Шымкент–Сарығаш бағыттарында орналасқан сервистік нысандарды жаңғырту шаралары жүйелі түрде қолға алынды. Аталған жұмыстар арнайы Жұмыс тобы тарапынан бақылауға алынған.

Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Еуроодақтың елімізбен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. 

Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі

Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды.

Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту және озық агротехнологияларды енгізу бойынша қойған тапсырмаларын жүзеге асыруды көздейді.

Түркістан облысы: жүзеге асырылатын сәулеттік жобалар талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыста жүзеге асырылатын сәулеттік жобалар талқыланған кезекті кеңес өтті. Жиында Арыс, Кентау қалаларындағы сәулеттік жобалар және Түркістан қаласында жүзеге асыру көзделіп отырған бастамалар талқыланды. Өңір басшысы жобаларды жүзеге асыру барысында заманауи әрі соңғы үлгідегі тәсілдер мен идеяларды қолдану қажет екенін айтты.

Түркістан облысында жылыту маусымы талапқа сай өтіп жатыр

Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қалыпты өтуі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында. Апта басында өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тағы бір рет саралап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде көмір қоры жеткілікті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтылған.

Түркістан облысы: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жылдың 4 мезгілінде де жалғаспақ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте осы бағыттағы жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды.