Шымкент - қауіпсіз және қолайлы қала
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әдеттегідей апталық баспасөз мәслихатында айтты.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әдеттегідей апталық баспасөз мәслихатында айтты.
2025 жылы мемлекет азаматтарға жаңа бизнес-жобаларын жүзеге асыруға гранттар берудің ІІІ легін аяқтады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында Тұран ауданындағы Айқап шағынауданында салынып жатқан кәріз жүйесінің құрылыс барысымен танысты. Әкім тұрғын үйлерді су бұру жүйесіне уақытылы қосу және жол жабындысын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Мердігер ұйымға жұмыстың қарқынын арттырып, инженерлік желілердің сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, “Кітап оқитын ұлт” жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісі – Ақан Сәбитұлы Бесбаев төмендегідей мәлімдеме жасады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы іссапар аясында Шандон провинциясына қарасты Шугуан ауданына барды.
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай Шымкент қаласында «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» атты футболдан дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері қатысып, командалық есепте бақ сынады.
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, сондай-ақ азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мегаполистегі «Көл» қоғамдық орнының аумағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде ашылды. Қарқынды дамудың символындай болған жаңа нысан қаланың көркін одан әрі аша түсті.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Таншань қаласына делегация барды. Сапардың негізгі мақсаты – екіжақты экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік бағыттарды айқындау болды.
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль өтті. Іс-шараны қалалық Армян және Славян этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды.