Цифрлық экожүйе мен жасанды интеллект - Шымкенттің болашағы

Шымкент қаласында «Smart City» эталондық стандарттары негізінде жасанды интеллект элементтерін қолданатын бірқатар пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар білім, көлік, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік салаларын қамтиды.

Шымкент: Қала әкімінің орынбасары баспасөз брифингін өткізді

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз брифингін өткізіп, цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту, әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Шымкентте бокстан әлем чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханды бүгін Шымкент қаласының халықаралық әуежайында зор құрметпен күтіп алу іс-шарасы өтті. Қос чемпионды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар, жерлестері, жанкүйерлері және туған-туыстары қарсы алды.

Шымкентте өнегелі әулеттер марапатталды

Шаңырақ астындағы береке. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы «Достық үйінде» «Отбасы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өнегелі әулеттер марапатталды.

Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады

«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

Шымкентте қос бірдей нысанның ашылуы өтті

Шымкент қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың пікір алмасуына арналған жаңа комьюнити-орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық «Достық үйінде» орналасқан және бұрын жертөле ретінде пайдаланылған кеңістік заманауи талаптарға сай бейімделіп, жастар үшін тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта жарықтандыру және желдету жүйелері жоғары деңгейде орнатылған, бір уақытта 200-ге жуық жасқа қызмет көрсету мүмкіндігі бар.

Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар нақты міндеттерді айқындады.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласы жаңғыртылады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу тетіктерін ұсынды. Тиісті мемлекеттік құрылымдарға тапсырма берді.