Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті

Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Бұл ауқымды басқосуға Қазақстанмен қатар, ТМД елдері мен шетелдің жетекші мамандары қатысып, кардиохирургия саласындағы жаңа тәжірибелер мен озық шешімдерді ортаға салды.

Жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр

Шымкентте жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін баспасөз туры барысында «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтік сметалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды.

Ашық саясаттың жаңа кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін маңызды қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстыққа салмай, халықтың талқылауынан өткізіп, 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынды. Демократиялық қағидаттарға берік ұстанымның айқын көрінісі.

Президент: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шексіз мүмкіндіктері: Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті

Шымкент қаласында отбасы күніне орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастардың дарыны мен қайсарлығын паш еткен ауқымды мәдени-әлеуметтік шаралар өтті.

Шымкент пен Өскеменді жалғаған дәстүр

Шымкент қаласы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Алтай төрінде ұлттық дәстүр-салтты насихатады. «Дәстүр сабақтастығы – мәдениеттің кепілі» атты танымдық шарасы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өтті. Мақсат қазақ халқының ұлттық мұрасын заманауи үлгіде жаңғырту, көне дәстүрлерді бүгінгі қоғам өміріне бейімдеп, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Биыл отандық өндірушілермен 100 млрд теңгеден асатын жаңа келісімдерге қол қойылды

Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау мен импортты алмастыру жұмыстары қарқын алып жатыр. Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бастамасымен өткен дөңгелек үстелде бүгін осы бағыттағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Бұған дейін мұндай кездесу елордада ұйымдастырылған еді.

"Шымкент барысы - 2025" турнирінің жеңімпазы анықталды

Шымкентте қазақ күресінен дәстүрлі «Шымкент барысы – 2025» турнирі дүркіреп өтті. 13-ші дәстүрлі сайыста өңіріміздің ең мықты деген 20-дан астам балуаны бозкілемге шығып, күш сынасты. Олардың арасында қазақ күресінен әлем чемпионаттары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері бар. Жарыс көрермендерге тартысты белдесулер мен нағыз қазақ күресінің рухын сыйлады.

Ұлттық құндылықтарды әлемдік қауымға насихаттау

Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына орай, Шымкент қ., «Қоғамдық келісім» жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ҒО басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы Шолпан Торгаутованың ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні дәстүрге айналған оффлайн және онлайн жүйеде өтетін «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білім саласын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар - мемлекеттің идеологиясында ұлттық ой-сананы қалыптастыру» тақырыбында шетел ғалымдармен ғылыми семинар өткізілді.

"Түнгі кітапхана" жобасы аясында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті

Шымкентте «Түнгі кітапхана» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Желсіз түнде жарық ай...» атты поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы өткізді.