Шымкент: Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббаты» көрерменге жол тартты

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 9 шілдеде көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы сахналанды. Жас режиссер Ұлан Болатбектің жаңаша көзқарасы мен тың шешімдері арқылы қойылым көрерменге терең әсер қалдырды.

Шымкенттегі қоғамдық көлік бағыттары жаңарады

Бүгінде Шымкент қаласында жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында 82 бағыт бойынша күн сайын 984 автобус қызмет көрсетеді. Оның ішінде 845 автобус заманауи салқындатқыш жүйесімен жабдықталған болса, 139 автобуста мұндай жүйе зауыттан орнатылмаған.

Түркістан: Ветеринария саласы қызметкерлеріне 85 көліктің кілті табыс етілді

Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.

Түркістанда ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра-дастан» іс-шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» кешенінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев құттықтау сөз сөйлеп, домбыраның ұлт руханиятындағы маңызына тоқталды.

– Ұлттық мұраны ұлықтайтын бүгінгі іс-шараның руханиятты дамытуға қосар үлесі мол. Домбыра – ұлттық аспап қана емес, елдің болмысын, жан-дүниесін айшықтайтын ұлы мұра. Осы құндылығымызды қастерлеп, жанына серік еткен қатысушыларға алғысымды білдіремін, – деді Ержан Ибадуллаұлы.

Кеш барысында Сүгір Әлиұлының «Ыңғай төк», Абай Желдібаевтың «Ерке сылқым», Зейнеп Аласьяның «Ертұғырыл», Құрманғазының «Айжанқыз», «Адай», «Балбырауын» сияқты ұлттық күйлері орындалып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді. «Тұмар», «Алқоңыр», «Түркістан» ансамбльдері мен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ашылған үйірмелердің шәкірттері өз орындаушылық шеберлігімен көзге түсті.

Сондай-ақ «Фараб», «Самғау» би ансамбльдерінің билері сахнаның көркін аша түсті. «Жайсаң дала», «Ақжелең», «Тұлғаларға туынды» сынды шығармалар ұлттық мұраның ұлағатын сездірді. Шараның шарықтау шегі ретінде домбырашылар арасындағы күй тартысын атауға болады.

Кеш соңында барлық өнерпаздар мен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы домбыра үйірмелерінің оқушылары қалың көрерменмен бірге «Балбырауын» күйін орындады. Көрермендер қол соғып, алғысын білдірді.

Айта кетейік, Түркістан облысында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай бірқатар шара өткізілді. Атап айтқанда, 30 маусым күні Түркістан қаласында «Тұран даласының күйлері» қалалық күйішілер байқауы, «Достық» үйінде «Үкілі домбыра» фестивалі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 1 шілде күні Түркістан қаласы «Фараб» кітапханасында дәстүрлі «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауы ұйымдастырылып, республиканың әр аймағынан келген 25 өнерпаз бақ сынады. Аудан, қалаларда 100-ге тарта мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

 

Түркістан:Шетелдік инвесторлармен туризм және терең өңдеу салалары бойынша келісөздер жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Түркістан қаласы: көлеңкелі экономикамен күрес және алдын алу мәселелері қаралды

Түркістан қаласында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған арнайы кеңес өтті. Жиынға қалалық әкімдік бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне қоғам үшін аса маңызды кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және қалалық деңгейдегі көлеңкелі экономикамен күрес және алдын алу мәселелері қаралды.