Түркістан облысында 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Өңірде өндірісті дамыту, инвестиция тарту және инфрақұрылым жүргізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысының индустриалды аймақтарында жалпы құны 130,3 млрд теңге болатын 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Түркістан қаласы: заң талабына сай қойылған сыртқы жарнама – тұтынушы құқығын сыйлаудың көрінісі

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Төлегеновтің төрағалығымен қала аумағындағы рұқсатсыз және ретсіз орналастырылған сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бойынша мәжіліс өтті. Жалпы, сыртқы жарнамалардың заң талабына сай орналастырылуы – тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың, сыйлаудың бір түрі ретінде есептеледі. Жергілікті халықтың түсінуіне қиын, тіл заңдылығы сақталмаған, бейберекет орналастырылған жарнамалар тұтынушы құқын бұзып қана қоймай, қала келбетіне де кері әсерін тигізері анық.

Түркістан: Түлкібаста қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы сөз болды

Бүгін ауданымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасын ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен форумға облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы мобильді топ өкілдері, аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.

Отырар ауданының әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы кәсіби мерекелері қарсаңында аудандағы мемлекеттік қызмет саласында жемісті қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарды қабылдап, оларға құрмет көрсетті. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектерін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Түркістан: Арыстықтар ішкі жолдарды жөндеу, түнгі жарықтандыру жүйесін орнату мәселесін көтерді

Бүгін Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев кезекті жұмыс сапарымен Байтоғай және Шағыр елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы ауыл жұртшылығымен амандасып, елді мекендерді дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді бірге талқылады.