Түркістан облысы мен Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімге қол қойылды
Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы аясында Түркістан облысы мен қытайлық компаниялар арасында жалпы 5 ірі жобаны жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімі орнады.