Түркістан: Келес ауданында жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Түркістан облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абзал Қазанғаповты қабылдап, өңірдегі жұмыспен қамту саласының қазіргі жай-күйімен жан-жақты талқылады.

Түркістан: Түлкібас ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ағымдағы жылдың 5 айында аудан аумағында тұрғындарды 27 кене шағу фактілері тіркеліп, медициналық бақылауға алынған. Оның 24-і табиғат аясында, егістікте орын алса, 3-і белгісіз жағдайда орын алған.

Түркістан: Сауран ауданында 280 мың тауыққа арналған ірі құс фермасы іске қосылады

 

Сауран ауданында ауылшаруашылығы саласында 2025 жылдың басынан бері 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 102 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта өңірде биыл құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Түркістан облысында "Таза Қазақстан" аясында 500-мыңнан астам көшет егілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірде жүзеге асыру жоспарланған 7263 іс-шараның 2614-і өткізілді. Жалпы 458657 тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Бұл жұмыстарға 2980 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 509 мың көшет отырғызылып, 9143 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.

Түркістан облысындағы лагерлер өз жұмысын бастады

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Лагерьлер бірінші ауысымға оқушыларды қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте “Болашақ”, “Тау шыңы”, “Үркер” жазғы сауықтыру лагерлерінде мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып, сауықтырылуда.