Шымкентте көлеңкелі экономикамен күрес үшін арнайы топ құрылған
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қылмыстарды анықтаумен қатар, қала аумағында профилактикалық және превентивті жұмыстарды жүргізеді. Департамент қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын беру жұмысы жүргізіп, жыл басынан 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.